Образование
30.01.2026
«Бастауыш сыныптар және эстетикалық тәрбие» ӘБ онкүндігі аясында 30 қаңтар күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сизенко Анастасия Николаевна «Қолмен жасалған шығармашылық» атты шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем еңбекке деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбие беру, сондай-ақ балалардың практикалық іс-әрекет нәтижелерін шығармашылық көрме арқылы көрсету.
Көрмеге 5–9 сынып оқушылары қатысып, әртүрлі техникада орындалған жұмыстарын ұсынды. Көрме оқушылар мен педагогтер арасында үлкен қызығушылық тудырып, оқушылардың көркемдік талғамы мен шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті.