Тамақтануды ұйымдастыру мен санитариялық-эпидемиологиялық режимді тексеру 12 қаңтар күні Қамқоршылық кеңес пен бракераж комиссиясының мүшелері ас блогында тағамдардың дайындалу сапасы мен санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуына жоспарлы тексеру жүргізді.
#Адал_азамат
Тамақтануды ұйымдастыру мен санитариялық-эпидемиологиялық режимді тексеру
12 қаңтар күні Қамқоршылық кеңес пен бракераж комиссиясының мүшелері ас блогында тағамдардың дайындалу сапасы мен санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуына жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы мен дәмдік қасиеттеріне, оларды сақтау және тарату жағдайларына, сондай-ақ ас блогы қызметкерлерінің санитариялық нормалар мен ережелерді сақтауына ерекше назар аударылды. Санитариялық-эпидемиологиялық режимнің бұзылуы анықталған жоқ.
Тексеру қорытындысы бойынша тамақтану белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылғаны, ал дайындалған тағамдардың сапа мен қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетіні туралы қорытынды
жасалды.
